Емханада обаға қарсы костюмдерді дұрыстап кию және шешу, сондай-ақ реанимациялық іс-шаралар (BLS) көрсету алгоритмі бойынша оқу-жаттығулар өткізілуде

Емханада обаға қарсы костюмдерді дұрыстап кию және шешу, сондай-ақ реанимациялық іс-шаралар (BLS) көрсету алгоритмі бойынша оқу-жаттығулар өткізілуде.

Жедел медициналық жәрдемнің аға фельдшері Е.С.Ерубаевтың басшылығымен қызметкерлер алгоритмге сәйкес жаттығуда.

Жалпы практика дәрігерлерінің қатысуымен “Дәрілік заттарды (ДЗ) қауіпсіз және дәл тағайындау” тақырыбындағы сабағы

Жалпы практика дәрігерлерінің қатысуымен “Дәрілік заттарды (ДЗ) қауіпсіз және дәл тағайындау” тақырыбындағы сабағы. Сабақты жоғары санатты терапевт, клиникалық фармаколог А.А.Абдуаева өткізді.

Әлемде дәрілік заттардың 50% - дан астамы орынсыз тағайындалып, босатылады, ал науқастардың жартысы оларды дұрыс қолданбайды.

ДЗ-ны ұтымсыз тағайындау тиімсіз және қауіпті емдеуге, аурудың өршуіне немесе оның созылуына әкеледі, осылайша пациентке зиян келтіреді және шығындарды арттырады.

Астана қаласының көпсалалы медициналық орталығының радиациялық онкология орталығының басшысы Ф.Х.Налгиева “Онкологиялық аурулардың ерте диагностикасы

Астана қаласының көпсалалы медициналық орталығының радиациялық онкология орталығының басшысы Ф.Х.Налгиева “Онкологиялық аурулардың ерте диагностикасы. Алғашқы симптомнан белгіленген диагнозға дейін қысқа жол” тақырыбында оқыту семинарын өткізді.

Қатерлі ісікті ерте диагностикалаудың маңыздылығы дамудың бастапқы кезеңдерінде емделу ықтималдығының едәуір артуымен түсіндіріледі. Қатерлі ісік тіндерінің таралу дәрежесі неғұрлым аз болса, болжам соғұрлым қолайлы.

Әр түрлі қолайсыз факторлар адамның қатерлі ісікке шалдығу ықтималдығын арттырады. Олардың ішінде:
????тұқым қуалайтын бейімділік;
????нашар экология;
????ультракүлгін және иондаушы сәулеленудің ұзақ әсер етуі, химиялық канцерогендердің (тамақ пен суды ластаушы заттар) әсері.
????Сонымен қатар, алкогольді шектен тыс пайдалану, темекі шегу, дұрыс тамақтанбау және белсенді емес өмір салты теріс әсер етеді.

№ 29 орта мектепте профилактикалық жұмыс жүргізілді

№ 29 орта мектепте профилактикалық жұмыс жүргізілді. Профилактика бөлімінің мамандары темекі шегудің зияны туралы дәріс оқып, «стрессті басқару» бойынша психологиялық тренинг өткізді.

Жасөспірімдермен осындай іс-шаралар емхананың қызмет көрсету аумағында орналасқан барлық жалпы білім беретін мектептерде тұрақты негізде өткізіліп отырады.

Емхана базасында әлеуметтік қызметкерлер егде жастағы пациенттермен шығармашылық шеберлік сабағын өткізді

Емхана базасында әлеуметтік қызметкерлер егде жастағы пациенттермен шығармашылық шеберлік сабағын өткізді. Модульдік оригами техникасы бойынша пациенттер аққу, ваза, майлық қораптары түріндегі көлемді фигураларды жинады, сонымен қатар лотос гүлі мен қалампырдың композициясын жасады.

Оригами сабақтары пациенттердің есте сақтау қабілетін жақсартады және жүйке жүйесін нығайтады, сонымен қатар демалуға және стресстен арылуға көмектеседі.