«Туберкулез және оның алдын алу» тақырыбында семинар өтті

2024 жылдың 22 қаңтар күні халық арасында туберкулездің алдын алу мақсатында Астана медицина университетінің 2 курс студенттеріне «Туберкулез және оның алдын алу» тақырыбында семинар өтті. Шара университеттің оқу ғимаратында өтті.
№11 қалалық емхананың салауатты өмір салты дәрігері Орынбасар Г.К. «Туберкулез. Оның таралу жолдары мен алдын алу» та0ырыбында мағлұмат берді. Жыл сайынғы профилактикалық (флюорографиялық) тексерулердің маңыздылығы атап өтілді. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды: «Қанша рет флюорографиядан өтуге болады?», «Туберкулезден толық айығуға болады ма?», «Емдеу қанша уақытқа созылады?», «Туберкулез дәстүрлі әдістермен емделеді ме?» және оларға қанағаттанарлық жауаптарын алды. Семинар соңында студенттер ауа-тамшылы арқылы таралатын осы қауіпті аурудың алдын алу бойынша брошюралар алды.

Бүгін "Шарапат" әлеуметтік қызмет көрсету орталығында емханамыздың әлеуметтік қызметкерлері жалғыз тұратын қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арт - терапия бойынша тренинг өткізді

Бүгін "Шарапат" әлеуметтік қызмет көрсету орталығында емханамыздың әлеуметтік қызметкерлері жалғыз тұратын қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арт - терапия бойынша тренинг өткізді. Ынтымақтастық үшін орталыққа алғысымызды білдіреміз. Қатысушыларға зор денсаулық, сарқылмас қуат және ұзақ ғұмыр тілейміз.

Елордадағы қызылша бойынша шиеленісті эпидемиологиялық жағдайға байланысты емханамыздың инфекционист дәрігері Г.Д.Искакова әріптестеріне "Қызылша

Елордадағы қызылша бойынша шиеленісті эпидемиологиялық жағдайға байланысты емханамыздың инфекционист дәрігері Г.Д.Искакова әріптестеріне "Қызылша. Клиникалық ұсыныстарға шолу" тақырыбы бойынша дәріс оқыды.

2024 жылдың басынан бастап Астанада қызылшаның 366 бастапқы және 137 расталған жағдайы тіркелген, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 100 жағдай.

Гүлнар Досболова тыңдаушыларға балалар мен ересектердегі қызылшаның барысы, дифференциалды диагностика әдістері, сондай-ақ емдеу принциптері мен осы аурудың алдын алу шаралары туралы айтып берді.

Қызылша

Емхананың комплаенс-офицері Рыстамбай Қазыбек Нұрисланұлы “Адамдардың пайдасына іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін материалдық сыйақы, сыйлықтар немесе қызметтер қабылдау фактілерін анықтау” тақырыбында оқыту өткізді

Емхананың комплаенс-офицері Рыстамбай Қазыбек Нұрисланұлы “Адамдардың пайдасына іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін материалдық сыйақы, сыйлықтар немесе қызметтер қабылдау фактілерін анықтау” тақырыбында оқыту өткізді.

Оқытудың мақсаты қызметкерлерді сыбайлас жемқорлық схемаларына ұрыну қаупін азайту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қызметінің зиянды әсерін түсінуді қалыптастыру болып табылады.