Мақсаты мен міндеттер

Біздің ұранымыз: Көмекке зәру адамға қолұшын бер!

                          Болашақты ойла, денсаулықты сақта!

Миссия:адамгершілік, кәсібилік және әлеуметтік жауапкершілік принциптері негіздерінде қазіргі заманғы диагностикалық, емдеу-алдын алу және медициналық-әлеуметтік технологиялары негізінде халыққа сапалы медициналық көмек көрсету.

Болжам: ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКК – жоғары білікті мамандардан құралған, қазіргі заманғы инновациялық және басқарушы әдістерді пайдаланатын, емделушілерге медициналық қызметтің жоғары сапасын қамтамасыз ететін емдеу-алдын алу кәсіпорыны.

Мақсат: медициналық көмек сапасы мен қолжетімділікті арттыру. Тиімді медициналық көмек көрсету үшін жағдайлар туғызу.  Халықтың медициналық көмектің жоғары технологиялық түрлерін көрсету жөніндегі қажетін қанағаттандыру. Қол жеткен жетістіктермен шектеліп қалмау.

Міндеттер:        

1) медициналық көмектің қолданыстағы стандарттарын жақсарту және жаңасын енгізу;

2) күнделікті тәджірибеде озық технологияларды пайдалану;

3) әр науқасқа қатысты көңіл бөлу және қамқорлық жасау деңгейін арттыру;

4) материалдық-техникалық база мен кадр ресурстарын үнемі дамыту және нығайту;

5)ұлттық аккредитациядан өту;

6) халықаралық GSI алуға ұмтылу.