"2024 жылы туберкулезді бақылау саласында салауатты өмір салтын насихаттау" жобасын іске асыру аясында "Санат әлемі" қоғамдық қоры МСАК-тан туберкулезді бақылау жөніндегі координаторларымен бірге дөңгелек үстел ұйымдастырды

"2024 жылы туберкулезді бақылау саласында салауатты өмір салтын насихаттау" жобасын іске асыру аясында "Санат әлемі" қоғамдық қоры МСАК-тан туберкулезді бақылау жөніндегі координаторларымен бірге дөңгелек үстел ұйымдастырды. Кездесудің мақсаты проблемалық мәселелерді нәтижелі талқылау және бірлескен шешу жолдарын әзірлеу болды.

Сондай-ақ, Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы "Иә, біз туберкулезді жеңе аламыз!» айлық іс-шараны дайындауға және өткізуге белсене қатысқаны үшін емханамызды алғыс хатпен марапаттады. Бұл аурумен күресуде жоғары бейілділікті көрсетеді.