Бүгін "Коммуникативтік дағдыларға тақырыбында қызықты онлайн семинар өтті. Дәрісті медицина ғылымдарының кандидаты және Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің психология кафедрасының жетекшісі Миролеева Алуа Исламчаевна оқыды.
Медицинадағы қарым — қатынас дағдылары денсаулық сақтау мамандары мен пациенттер арасындағы тиімді өзара әрекеттесудің негізі болып табылады. Оларға тыңдау қабілеті, эмпатия, қарым-қатынас сезімталдығы және дұрыс сұрақтар қоя білу мүмкіндігі кіреді.
Алынған білім мен дағдылар әріптестеріміздің кәсіби дамуына құнды үлес қосатынына және медициналық қызмет көрсету сапасын арттыратынына сенімдіміз.