№32 мектеп-гимназияда Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күніне орай семинар өткізілді

№32 мектеп-гимназияда Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күніне орай семинар өткізілді. Алдын алу бөлімінің дәрігерлері М.С. Алғазина және Орынбасар Г. К., сондай-ақ психолог маман М.А.Амангелдинова "Туберкулез дегеніміз не?», «Туберкулездің алдын алу», «Туберкулезге психологиялық қолдау»итақырыптары бойынша дәріс оқыды.

аңықтама!

СӨС дәрігері Г.К.Орынбасар және «МУА» КЕАҚ бакалаврлары ұйымдастырған «қант диабеті» денсаулық мектебі

СӨС дәрігері Г.К.Орынбасар және «МУА» КЕАҚ бакалаврлары ұйымдастырған «қант диабеті» денсаулық мектебі. Бұл профилактикалық жұмыстың негізгі тақырыбы дұрыс тамақтануға арналды.

Қант диабетінің алдын алу кезінде дұрыс тамақтану келесі мақсаттарды көздейді:
♻️Қалыпты дене салмағын сақтау;
♻️Холестеринді қалыпты деңгейде ұстау;
♻️Глюкозаның қалыпты деңгейін сақтау.

Кездесу өте қызу өтті, қатысушылар көптеген сұрақтар қойып, дәрігерлерден толыққанды жауаптар алды.

Жуырда Астана медицина университетінде түлектер мен әлеуетті жұмыс берушілердің кездесуі өтті

Жуырда Астана медицина университетінде түлектер мен әлеуетті жұмыс берушілердің кездесуі өтті. Кездесуде Қазақстанның әр өңірінен денсаулық сақтау басқармасы мен медициналық ұйымдарының басшылары қатысты.

Аталған шарада емханамыздың статистик дәрігері, «AQNIET» кәсіподақ ұйымының төрайымы Жаниба Ерболатқызы сөз сөйлеп, емханамыздың жұмысымен таныстырып өтті.

Өз сөзінде маман емханамыздың қызмет етуге қолайлы орта екенін, соның ішінде жас мамандарға тәжірибе жинап, білімдерін шыңдауға болатын медициналық мекеме екенін атап өтті және кездесу соңында түлектердің сұрақтарына жауап берді.

Биыл Астана медицина университетінде 1800-ге жуық түлек оқу бітіргелі отыр екен. Олардың әрқайсысының дұрыс білім алып, өз істерінің маманы атанатынына сеніміміз бол! Ақ жол!

қартаю және денсаулық