Туберкулез-әлемдегі ең көп таралған инфекциялардың бірі

Туберкулез-әлемдегі ең көп таралған инфекциялардың бірі. Дүние жүзінде жыл сайын 9 миллион адам туберкулезбен ауырады. Туберкулездің белсенді түрімен ауыратын бір науқас бір жылда 15 адамға дейін жұқтыруы мүмкін.

Біздің емханада туберкулезге қарсы іс-шаралар кешені өткізіледі, оның басымдығы туберкулездің алдын алу, оны уақтылы анықтау және табысты емдеу болып табылады.

Бүгін емханада Фтизиопульмонология орталығының дәрігерлері- Директордың емдеу-алдын алу жұмысы жөніндегі орынбасары Ж.К.Дакенова мен жоғарғы санатты фтизиатр дәрігер М.И.Абдрахманованың
қатысуымен 2023 жылы өткізілген туберкулезге қарсы іс-шаралардың қорытындысы бойынша Медициналық кеңес өтті.

Жауапты дәрігерлер туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдайды және емханада туберкулезге қарсы іс-шаралардың сапасын бағалау индикаторларының орындалуын баяндады.

23-27 ақпан аралығында емхананың барлық филиалдарында "Этика және деонтология" бойынша оқыту өтті

23-27 ақпан аралығында емхананың барлық филиалдарында "Этика және деонтология" бойынша оқыту өтті. Оқытуды тәжірибелі психолог маман Г.А. Құрмангожина жүргізді.

Медицина қызметкерінің тұлғасы мен оның моральдық-этикалық келбеті үлкен маңызға ие. Сондықтан дәрігерлер әрқашан этика мен деонтология принциптерін білгені абзал.
Медициналық деонтологияның негізгі қағидаттарын білу және ұстану – пациентке көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттырудың және медициналық қызмет көрсетуді неғұрлым жоғары деңгейге шығарудың кепілі болып табылады.

Бүгін емханада Байқау кеңесінің (әрі қарай-БК) кезекті отырысы өтті

Бүгін емханада Байқау кеңесінің (әрі қарай-БК) кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде БК жылдық жоспарын және емхананың басқа да ішкі құжаттарын бекіту мәселелері қаралды.

БК шешімдері емхана үшін маңызды болып табылады. БК өз өкілеттіктерімен даму жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы, емханаға және жалпы пациенттерге қайырымдылық және демеушілік көмек бөлу туралы шешім қабылдайды.

БК отырысы қажеттілігіне қарай және тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі.

Емханада Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығымен бірлесе отырып кезекті "өтеусіз донорлық" акциясы өтті

Емханада Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығымен бірлесе отырып кезекті "өтеусіз донорлық" акциясы өтті. Мұндай акция емханада жыл сайын өткізіледі. Осы жолы да емхана қызметкерлері донор бола отырып, бастаманы қолдады.
Донорлық-бұл қанға мұқтаж адамдарға көмектесу мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар донордың денсаулығын сақтауға, иммунитетті көтеруге және қан жағдайын жақсартуға пайдасын тигізеді.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында емхананың комплаенс-офицері Рыстамбай Қазыбек жаңадан қабылданған қызметкерлер арасында жиналыс өткізді

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында емхананың комплаенс-офицері Рыстамбай Қазыбек жаңадан қабылданған қызметкерлер арасында жиналыс өткізді.

Жиналыс барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары талқыланды. Сондай-ақ, комплаенс-офицер сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру және құқықтық сананы арттыру бойынша пәрменді шаралар қабылдап жатқаны атап өтілді, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.